«Samruk-Kazyna Trust» Қоры 2019 жылы  «ӘРЕКЕТ» жобасы бойынша гранттар байқауына 150 миллион теңге бөлді.  Байқаудың шеңберінде әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 млн. теңге көлемінде грантқа өтінім бере алады.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданындағы табиғи саябақ құру жоспарланып отырған Желтау жотасы мен Шөлқара қыратына барды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құлсары қаласындағы Дарынды балаларға арналған лицей-интернатта ІТ сыныбы ашылды.

Журналистер алдында сөз алған Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Өзбекстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапары осы елдегі Қазақстан жылының ашылуымен тұспа-тұс келгенін атап өтіп, бұл оқиғалар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың нығаюына септігін тигізетініне тоқталды.

Қажеттіліктерді бағалау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы, әдетте, елге сайлау алдындағы жағдайды және сайлауға дайындықты бағалау мақсатында сайлаумен байланысты іс-шараларды өткізудің орындылығы туралы ұсынымдарды әзірлеу үшін сайлау басталғанға дейін бірнеше ай бұрын жіберіледі.