Құлсары қаласы, И.Тайманов к-сі, 4 5-07-66

1 шілдеден бастап жәрдемақы өседі

Алдағы 10 жыл – бұл мемлекеттің ең дамыған 30 елдің қатарына кіруіндегі шешуші кезең. Негізгі басымдық – азаматтардың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ету мен Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамуы. Осы нақты мақсаттар мен жобалар белгіленген, олар негізгі үш бағыт бойынша іске асырылатын болады. Солардың бірі – халықтың күнкөрісі төмен тобының табысын арттыру және қолдау.

Осы ретте, мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейту мақсатында 2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсету бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері артады.

Аталған жәрдемақылар Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңымен реттеледі. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшері 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап күнкөріс деңгейінің 1,4 еселігі, яғни 41578 теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі бұл жәрдемақының мөлшері - 31183 теңге күнкөріс деңгейінің 1,05 еселігі болып табылады.

С.СИСАТОВА,

№2 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы

Сурет: ашық дереккөз

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

k

k