15 жыл арызданғаным – бір баспананың зары

Осы келіншектің баспана сұрап жүргеніне өзім куәлік етсем, 10 жылдай болды.

Редакциямызға келіп, арыз жазып, жағдайын қолында билігі барларға жеткізуге өтініш білдіргені көз алдымда. Әріптесім мақала жазды, одан кейін жылдарда басқамыз да үйсіз-күйсіз жүрген жанның жағдайын жазудайын жаздық. Бірақ әлі Тамара Тагашеваның дүркін-дүркін көрінгеннің босағасын жалдамай, өз шатырымның астында тұрсам деген үміті ақталмай тұр. «Жығылған жұдырыққа тоймас» дегендей, шарасыз ол таяуда тағы редакциямызға хат жазып кетті. «Сабақты ине сәтімен» ғой, осы жолы төрт балалы әйелдің жанайқайына құлақ асар жан болар, бәлкім...

- Біздің үйден үй жалдап қаңғып жүргенімізге 15-16 жылдай боп қалды. Көмек сұрап, қаншама рет арыздандым, нәтиже болмай отыр. Орнығып отыратын жеріміз жоқ, бір баспанаға зар болып әлі жүрміз. Өзім сатып алатын жағдайым келмейді, жұмысым жоқ, денсаулығым дімкәс, шиеттей төрт баламен үйде отырмын. Анам зейнетте, бірақ оның да тапқан-таянғаны өзінің дәрі-дәрмегінен артылмайды. Кімнен көмек сұрарымды білмеймін, осы жанайқайыма құлақ асар жан бар ма екен? Тағы да қылышын сүйретіп қыс келеді. Жағдайсыз адамға қыстың қиындығы бір басқа ғой. Осы жағдайымды жергілікті әкімшілік, қайырымдылық қорлары ескерсе екен деймін, - деп жазған Тамара өзіне көмек қолын созған жандарды да ұмытпай, алғысын жазыпты.

- Маған жәрдем көрсетіп, жебер жүрген екі адамның жақсылығын қалай айтпайын? Олар тамақтай, болсын, ақшалай болсын демеп жүрген аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы Серік Қамидолла мен Қосшағыл №2 мектеп интернатындағы балаларымды басынан сипап, бағып-қағып, қадалап жүрген осы интернаттың меңгерушісі Гүлнәр Таласбаевалар. Оларға деген алғысым шексіз.

С.ӘЛИ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521