Құлсары қаласы, И.Тайманов к-сі, 4 5-07-66

50 адамға дастархан жайды

Ақылы - теңіз дария қариялардың сөзіне құлақ асу, құрметтеу әр жасқа міндет. Алайда, қарттар күнінде оларға ерекше назар аударылды. Қазір ауданымызда қараусыз қалған бір де-бір ардагер, не бірде-бір қарт кісі жоқ десек қателеспейміз. Олардың бәрі қамқорлық құшағында.

Ауданда мереке күндері ақсақалдарымыз бен кейуаналарымыздың басын қосып, дастархан жайып, лебіздерін таңдап батасын алу дәстүрге айналғалы қашан. Өткен аптада осындай мерекенің бірі «Нұрасыл» мейрамханасында өтіп, онда 50 адамға дастархан жайлып, ас берілді.

Қазыналы қарттарымызды аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Серік Қамидолла құттықтады. Ол ауданымызда қарттарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулаға тоқталып өтті.

Мейрамхана иесі Гүлсім Серікова қонақтарды құттықтап, ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқандары үшін алғысын білдірді. «Кең Жылыой» мәдениет үйінің әншілері халық әндерін шырқап, қонақтардың көңілін көтерді.

Қ.Нұртайұлы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

k

k