Құлсары қаласы, И.Тайманов к-сі, 4 5-07-66

75 жылдан кейін табылған жауынгер дерегі

- Ұлы Отан соғысы басталғанда біздің әулеттен он бір жігіт қан майданға аттанды. Әулет деп отырғанымыз - Бектұрлы бабамыздан тараған ұрпақ. 1944 жылы ескі Жылой (қазіргі Жылыой) жеріне Агаев бастаған фашист диверсанттары түскенде чекистердің тапсырмасымен жауды бағытынан адастырып, қазақтың Сусанині атанған Байшыған Бектұрлиев ақсақал - осы атамыздың баласы. Міне, сол атамыздың 11 немересінің 7-еуі Отан қорғау жолында опат болды. Соның бірі – әкемнің немере інісі Атантаев Қанаш деген азамат 1920 жылы туған-ды. Өте сауатты кісі болған екен. Үлкендердің айтуынша, ол армия қатарына алынғанға дейін сол кездегі Жылой ауданында жарыққа шығып тұрған «Социалистік құрылыс» («Кең Жылой») газетінде қызмет атқарыпты. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, фашистер тұтқиылдан елімізге лап қойғанда Брест қамалында азаматтық борышын өтеп жүрсе керек. Сүйегі сол қорған басында қалды,-деп бастады әңгімесін Теміржан ағамыз.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінде

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

k

k