84 оқушыға қолдау көрсетті

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті.

Партия филиалында өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Фарида Ахметова қатысып, баршаны алдағы жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

– Жаңа оқу жылы қарсаңында билік партиясына біраз тұрғын көмек сұрап келген. Олардың өтініші назардан тыс қалған жоқ. Бүгінгі шарада 84 оқушыға 1 млн. 428 мың теңгеге мектепке қажет құрал-жабдық пен киім-кешек сатып алынды. Игі бастамаға аудан азаматтары демеушілік көрсетіп отыр. Қайырымды азаматтардың қатарында кәсіпкерлер мен мәслихат депутаттары да бар. Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге партия үнемі араласып, шешу бағытында жұмыстар жүргізіп келеді. Шараға атсалысып отырған аудан азаматтарына аудан әкімдігі атынан алғысымды білдіремін, – деген Фарида Төлегенқызы шараның мақсатына тоқталып өтті.

Демеушілердің қаражатына мектепке қажет құрал-жабдық пен киім-кешек сатып алынып, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға үлестірілді. Шара барысында партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов, аудандық мәслихат депутаттары Аманбек Мұқанов, Сәуле Мәмбетовалар балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жақсы оқып, білімді болуға тілектестік білдірді. Партияның қолдауына риза болған ата-аналар азаматтарға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521