Ақмешіт кесенесіне саяхат

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Мәңгілік елдің мәдени мұралары» атты шара өтті.

Шара аясында Қосшағыл мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ерекше қасиет иесі Бекет Мырзағұлұлы атамыздың туған жері Ақмешіт тарихи орнына мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары саяхат жасады. Ақмешіт меші¬тінің имамы, Бекет атаның алтыншы ұрпағы Ислам қажы Мырзабекұлы қар¬сы алып, ата-баба рухына Құран бағыштады.

Ислам қажы Ақмешіттің рухани, тарихи, діни ошаққа айналғанын, 1970 жылдан бастап Бекет атамыз туралы зерттеу еңбектерін жазып жүргенін атап өтті. Бекет атаның 2020 жылы өтетін 270 жылдығына дайындық жұмыстары қазірден жүргізіліп жатқанын жеткізді. Биыл тарихи орынды көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 200 терек отырғызылмақ. Сонымен қатар зиярат етіп келушілерді көкөніспен қамту мақсатында бау-бақша салуды жоспарлап отыр екен. -Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы бойынша жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға арналған бұл сапарды ұйымдастыруға ауыл азаматтары атсалысып отыр.

Атап айтсақ, ауылымыздағы кәсіпкер Бауыржан Айбатыров көлікпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар Қосшағыл ауылының учаскелік инспекторы Елдос Наржанов сапар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті,-дейді Қосшағыл мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы А.Адалбаева. Ауыл азаматтары бір мал сойып, ас берді. Ақмешітке кесенесіне алыс- жақын шетелдерден келушілер де көп. А.Адалбаева осындай тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғап қалу мақсатында жасап жүрген еңбектері үшін Ислам қажыға ризашылық білдіріп, ауыл азаматтары атынан естелік сыйлық табыс етті.

Қ.ДҮЙСЕНБЕТОВ,

Құлсары-Ақмешіт-Құлсары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521