Құлсары қаласы, И.Тайманов к-сі, 4 5-07-66

Қаңтарда қауын-қарбыз жеп отыр

Бұл қожалық бұрын төрт түлік мал өсіріп, ауданымызды ет пен сүт өнімдерімен қамтып отырған. Өткен жылдың жаз айларынан бастап өсірген қауын мен қарбыздарын алғаш рет тұрғындарға сата бастады. Бұған дейін олардың бақшасында ерекше салмағы ауыр қарбыз өсірілгені туралы газетіміздің кезекті санында жазған да болатынбыз. Қарбыздарының бірі 17,5 кг салмақты құраған болатын. Шаруа қожалығының жетекшілері, ағайынды Нұрмұхан мен Әлім Байжановтар өз әріптестерін таңғалдыруда бұнымен шектелмепті. Жақында аталған азаматтардың сол өнімдерін қыс ортасына дейін сақтап отырғанына куә болдық. Атап айтсақ, олар қауын мен қарбызды қаңтарға дейін жеткізіпті. Шаруалардың айтуынша, қауын мен қысқы қарбызды бір бөлмеде 3-5 градус температурада ұзақ мерзімге сақтауға болады екен. Кейбіреулерін кәдімгі құрылыста пайдаланатын гипстің көмегімен де сақтапты.

-  Ең бастысы — жарылмаған, бұзылмаған өнімдерді таңдап алу керек. Қабығы қалың келетін қарбыздың кеш пісетін түрлерін таңдаған дұрыс. Әбден пісіп кеткен қарбызды таңдамаңыз, ол уақытына жетпей бұзылып кетуі мүмкін,-дейді шаруалар.

Қ.Нұртайұлы.

Разработка расширений Joomla

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

k

k