Қала көшелеріне ат беріледі

Өткен аптада аудандық мәслихаттың кезектен тыс 31-сессиясы өтті.

Оған аудандық мәслихат депутаты Үмбетқали Жақашев төрағалық етіп, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Алдыңғы кезекте аудандық мәслихатттың бас маманы Салтанат Байжұмиева аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын жасақтау туралы хабарлама жасады.

-   Сайлау туралы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты Жылыой ауданы бойынша бір аудандық аумақтық және 24 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына 5 саяси партиядан («Нұр Отан», «Бірлік», «Ауыл», «Ақжол», «Қазақстан коммунистік халықтық партиясы») және 4 қоғамдық бірлестіктен («Жүрек жылуы», «Ардагерлер ұйымы», «Атырау облысының мүгедектер қоғамы», «Жылыой кәсіпкерлері») ұсыныстар қабылданды,-деген ол комиссиялардың құрамын ашық дауыс беру арқылы сайлауға ұсыныс жасады.Ұсынылған комиссия құрамы депутаттармен мақұлданды. Келесі кезекте Құлсары қаласындағы көшелерге атау беру мәселесі қаралды. Аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашев күн тәртібіндегі қаралған мәселелерге орай өз пікірін айтып, қолдайтынын жеткізді.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521