Ол – ауданымыздағы атауы латын әрпімен жазылған алғашқы нысандардың бірі. «Altyn Gasyr» деп аталған тойхананың ашылу рәсімі салтанатты түрде өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Қаһарман Бағынов, қала әкімі Шәкір Кейкін және дербес бөлім басшылары қатысты. Алғашқы сөзді қала әкімі Ш.Кейкін алып, мұндай нысандардың қала келбетіне көрік қосатынын айтты. Ал аудан әкімінің орынбасары Қ.Дәуренұлы мейрамхана иесі Светлана Амандықованы құттықтап, қолға алған ісіне сәттілік тіледі. Лентаны қиып, барлығы нысан ішін аралап шықты. Заманауи үлгіде салынған мейрамхана 350 адамға дейін қызмет көрсетеді.

П.ҚИЗАТОВА,

Суреттер автордікі