Қос ардагерге "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын табыс етті. "Ариадна" ЖШС-ның директоры Алан Кайтуковтың атынан әр ардагерге 1 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай сый табыс етілді. Сонымен қатар ардагерлерге азық-түлік те берілді. Аудандық мәслихат депутаттары Талғат Майлыбаев, Марат Қабиденовтер ардагерлерді құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Азаматтардың көрсетіп отырған құрметіне ақсақалдар мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Кәдіров ризашылығын білдірді.