Ойынды тәрбиеде қолдану балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізеді.

Қосшағыл мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық ойындары» атты сайыс өткізілді. Алдымен ұлттық киім киген жүргізуші ойын шарттарын түсіндіріп өтті. Бұл сайыста асық ату, ләңгі тебу, қол күрес, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, дойбы ойындары ойнатылды. Сайысқа мектеп жасындағы балалар қатысты. Жеңімпаз ойыншылар марапатталып, естелік сыйлықтар берілді. Жазғы демалыста ұйымдастырылған қызықты шарадан ауыл балалары көтеріңкі көңілмен үйлеріне оралды.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ.