Ауданға дәрігер жетіспейді

Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Фарида Ахметова аудандық емхана және оған қарасты медициналық мекемелерде болды.

Дәрігерлермен кездесіп, жұмыс барысымен танысты.

Емхана директоры Нұрбек Үкібаев өз сөзінде емханада қазіргі уақытта науқастарға облыс орталығы немесе республикалық медицина орталықтарының дәрігерлерінің көмегі керек болған уақытта арнайы "Телемедицина кабинеті" яғни ғаламтор арқылы байланыс орнатып, нақты кеңес алу мүмкіндігі қарастырылғанын жеткізді. Қазіргі уақытта аудан бойынша 9 дәрігер маман жетіспейді екен. Фарида Төлегенқызы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Психологиялық кеңес», «Отбасын жоспарлау кабинеті» сынды шағын орталықтарда іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жиірек өткізуге шақырды. Бұл жұмысты жандандыру бағытында аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығына білім беру, жастар ұйымдары, қала, кент, ауылдық округтермен бірлесіп жұмыс жасауды тапсырды.

Кездесу кезінде емхана қызметкерлері учаскелік дәрігерлер мен «Жедел жәрдем» қызметкерлеріне қиындық тудырып отырған жайттарды айтып, шағымданды. Мәселен, кейбір ықшамаудандардағы аулалардың қараңғы болуы медицина қызметкерлері өміріне қауіп тудыратынын айтты.

Аудандық «Жедел жәрдем» қызметінің меңгерушісі көліктердің ескі екені, соның салдарынан кей кезде шақырылған жерге дер уақытында жете алмай қалатындарын жасырмады. Сол себептен тұрғындар тарапынан шағымдар түсетінін атап өтті. Фарида Төлегенқызы кездесудің мақсаты - тұрғындардан түсетін шағымдарды зерделеп, көтеріліп отырған мәселені бірігіп шешу екенін айтты.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521