Осы орайда ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар бар. Қосшағыл ауылының тұрғыны Лариса Бердіғалиева Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы шағын наубайхана ашуға қаражат алып, өз кәсібін кеңейтті. Ол алған қаражатына наубайханаға қажетті құрал-жабдық алып, қазіргі уақытта нан, түрлі тәтті тағамдар, тағы да басқа өнім түрлерін пісіріп, аудан тұрғындарына сатуда. Аудан бойынша 2018 жылғы «Бастау» кәсіпкерлікке оқыту жобасының 4-кезеңіне қатысушы.

Өткен жылы «Бастау» жобасы туралы аудандық Кәсіпкерлер палатасының хабарландыруын көріп, қызығушылығы оянып, қатысуға бел байлаған. Аталған жобаның бизнес-тренері Ерлан Нұрлановтың өткізген сабақтарына үзбей қатысып, бизнес-жоспарын бірлесіп жасайды. «Бастау» жобасы бойынша оқыту барысында кәсіпкерлікті қалай дамыту, неден бастау керектігі түсіндірілді. Сондай-ақ идеяны жүзеге асыру үшін қайдан қолдау алуға болатыны, тағы да көптеген мәселенің түйіні тарқатылды» дейді кәсіпкер.

Қ.Нұртайұлы.