-Манас Ізтұрғанов – аудандық ішкі істер бөлімінде ұзақ жыл жұмыс жасаған  зейнеткер. Ауылдың әлеуметтік мәселелеріне бейжай қарамайтын, қоғамдық шараларға үлесін қосып жүретін ақсақалдардың бірі. Міне, көктемгі көгалдандыру кезінде өзінің қожалығында өсіріп отырған 100 теректі ауылына тарту етіп, жомарттық танытты. Өз ісімен үлгі болып жүрген азаматқа ауыл әкімдігі атынан ризашылығымды білдіремін,-дейді округ әкімі Саян Баселов. Сыйға берілген теректер ауылдағы мешіт, емхана, әкімдік, балабақша сынды әлеуметтік нысандардың ауласына отырғызылғанын жеткізді. Жалпы ауылда өткізілген сенбілік кезінде барлығы 200-ден астам терек егілген. Ауылды көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Қ.Дүйсенбетов.