Құлсары қаласы, И.Тайманов к-сі, 4 5-07-66

Балабақша кезегінде – жаңа тәртіп

Бұл жүйе Жаңа Қаратон кентінде жүзеге аса бастады. Енді ата-аналарға үйден шықпай-ақ «garden.zhanakaraton.atyrau.gov.kz» порталы арқылы кезекке тұруға, оны өзгертіп немесе өтінішін қайта алуға мүмкіндік туды. Осы жөнінде толығырақ кент әкімі Қаржау Шарғабаев әңгімелеген еді.

-Аталған порталды біз, журналистер де бақылап көргенбіз. Тіпті, ұялы телефоныңыз арқылы ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) қолданбай-ақ, garden.zhanakaraton.atyrau.gov.kz порталына кіріп, балаңызды балабақшаға кезекке қоюға болады екен. Осы жөнінде толығырақ айтсаңыз.

-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығына сәйкес "Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2018 жылғы 1 қазанынан бастап жүзеге аса бастады. «Е-ORDA» – бизнес-процестер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жылдам автоматтандырудың бағдарламалық платформасындағы «INDIGO» – бүкіл мектепке дейін білім беру ортасының жұмысын қамтамасыз ету үшін кешенді ERP-жүйесі арқылы өтініш иелеріне кезекке қоюға өтініш беруге, берілген өтінішті өзгертуге (байланыс деректеріне түзету енгізу/қосу), өтінішті кезектен алуға (кезектен шығу), мемлекеттік немесе жекеменшік мектепке дейінгі ұйымға орналастыру үшін жолдама алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта балабақшаға жолдама алу үшін ата-аналардың өтінішінде көрсетілген баланың туылған жылы бойынша бірыңғай кенттік кезек «garden.zhanakaraton.atyrau.gov.kz» ашық порталында қалыптастырылды. Бірақ белгілі бір балабақшаға арналған кезектер жоқ.

-Жүйеде жеңілдіктер бар ма?

-Әрине. Жеңілдік санаттары екіге бөлінеді. Кезектен тыстағылар: әскери қызметшілердің балалары. Осы санат бойынша өтініш берушілер егер балабақшада бос орын болса, кезектен тыс жолдама ала алады. Ал заңды өкілдері мүгедек адамдардың балалары, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және жетім, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар мен ерекше білім алуды қажет ететін балалар жолдаманы «1/3» қатынасы бойынша ала алады.

-Жолдама алу үшін не істеу керек?

-Кезек келген уақытта аталған электронды поштаға және телефон нөміріне кезектің келгені туралы хабарлама келеді. Егер ата-ана балабақшаны таңдамаса және регламенттегі уақытқа (сағ. 9:00- 20:00) сәйкес жолдама алмаса, орын жас шамасына сәйкес кезекте тұрғандардың барлығына қолжетімді болады. Осы орайда балабақшаны таңдамаған өтініш беруші, яғни ата-ана жалпы кезекте қала береді. Ал мектепке дейінгі ұйымға жолдама алған кезде бала кезектен автоматты түрде шығарылады. Егер ата-ана жолдама алған соң, 5 жұмыс күні ішінде балабақшаға бармаса, жолдама автоматты түрде жойылады және бала 10 жұмыс күні мерзіміне стоп-парақ бойынша жіберіледі. Өтініштің стоп-парағында тұрған кезде жолдаманы алу мүмкіндігі тоқтатылады. Егер өтініш беруші берілген жолдаманы қолдану уақытын 2 рет өткізіп алса, бала кезектен автоматты түрде шығарылады. Егер мәселелер туындаса, Жаңа Қаратон кенті әкімінің аппаратына немесе мына байланыс телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз: 87123725895, 87123725845, 87123725890.

-Әңгімеңізге рахмет.

П.ҚИЗАТОВА.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

k

k