Жүйткіген көлік балаларымыз үшін қауіпті

Атырау облыстық мәслихатынның депутаты А.Сисенов тұрғындармен кездесті.

Атырау облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Айтпай Сисенов №16 сайлау округі бойынша тұрғындармен кездесті.

«Жастар үйі» ғимаратының акт залына қала тұрғындары жиналды. Кездесуді аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Кенғанов ашып, жүргізіп отырды. Ең алдымен, облыстық мәслихат депутаты ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту және жұмыссыздықты жою бойынша өз пікірін ортаға салды. Бұдан соң кезек тұрғындарға берілді.

5-ықшамаудан тұрғыны А.Сатыбалдиева өзін жолдасы өмірден өткен, 5 баланы жалғыз бағып отырған ана ретінде таныстырды. Ол көпқабатты үйдің 5 қатарында тұратынын, жаңбыр жауса, төбеден су сорғалайтынын айтты. Осы мәселені шешіп беруді депутаттан сұрап, қол ұшын созса деген өтінішін және білдірді. Ал Айтпай Сисенов тұрғынның мекен-жайы оның сайлау округіне кірмейтінін, бұл мәселені 5-ықшамауданға қарайтын депутаттарға жеткізетінін айтты. Бұдан соң Жазықбаев көшесінде тұратын тұрғын 2-ескі ықшамаудандағы көшенің өте тар, ал ондағы тегіс тасжолмен көліктер қатты жылдамдықпен жүретінін айтып, шағымданды. Балалардың қауіпсіздігіне алаңдайтын ана жылдамдықты бәсеңдету үшін жасанды кедергі салса деген ұсынысын айтты. А.Фандыбайұлы қалаішілік тасжолдарға жасанды кедергі орнату үшін аудандық бюджетте қаржы қарастырылғанын, егер бұл көше тізімде болмаса, ұсыныс беретінін айтты.

Ал 6-учаске тұрғыны, зейнеткер М.Боздақова жеке тұрғын үйінің мәселесін айтып, көмек сұрады: -Жолдасым жоқ, қазір тұрып жатырған үйімнің күйі өте нашар. 1948 жылы саман тастан салынған еді. Өзімнің азғантай жинаған қаржыма жаңадан үй тұрғызу үшін аулама ақ тастар түсіріп қойдым. Сізден сұрайтыным: сол үйді бітіруге көмектессеңіз,-деді. А.Сисенов, алдымен, зейнеткердің үйін көріп, мәселені зерделейтінін жеткізді. Дегенмен жаны жомарт азамат көмектесуден қашпайтынын да тілге тиек етті.

Ал №6 мектеп мұғалімі И.Әбілхайырқызын өзінің жеке басынан гөрі балалардың болашағы алаңдататынын айтты. Өзі білім беретін мектептің қазіргі күйі нашар, іші тар екенін айтып, орнына жаңа ғимараттың қашан салынатынын сұрады. Бұған М.Кенғанов былай жауап қатты: -22 қаңтарда ауданда облыс әкімі Н.Ноғаевтың қатысуымен үлкен есеп беру жиналысы өтті. Сол кезде мен осы сұрақты қойған болатынмын. Облыс әкімі мектеп салынатынын және қазіргі таңда құжаттары дайындалып жатқанын айтқан еді,-деп ұстаздарды бір қуантты. Тұрғындардың өзге де сұрақтарына А.Фандыбайұлы тұшымды жауап қатып, жиналысты қорытындылады. Алдына келген жанның мұңын тыңдап, қол ұшын созуға дайын тұратын халық қалаулысына барлығы алғысын білдірді.

П.ҚИЗАТОВА

s

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521