Жаңа автобустар жолға шықты

Өткен аптадан бастап Құлсары қаласының ішінде жолаушы тасымалдаумен айналысатын жаңа, шағын автобустар пайда болды.

Олар №5 және №10 маршрут бағыттары бойынша қатынап жүр. Құлсары қаласының әкімі Қаржау Шарғабаевтың айтуынша, бұлар - «Автотранс» ЖШС-ға қарасты автобустар. Аталған мекеме аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімімен екі ай мерзімге келісімшартқа отырған екен.

№5 қаланың 5 «а» ықшамауданынан бастап, Халыққа қызмет көрсету орталығының алдымен өтіп, ІІІ ықшамауданның Ізбасов көшесі арқылы Өтен батыр көшесінен бойлай өтіп, «Лидер» супермаркеті мен «Технодом» сауда үйінің ортасымен «Бәйтерек» аялдамасына барып, бір аялдайды. Одан Орталық ықшамаудандағы Махамбет даңғылымен «Халық Банкі» мен «Сəт сапар» аялдамасы арқылы жүріп, «Бес ағайын» мейрамханасына бұрылады да, Сарқытов көшесімен кері 5 «а» ықшамауданына дейін қатынайды.

Ал мамырдың 21-інен, яғни сейсенбіден басталған қалаішілік бағыттағы жолаушылар тасымалдаумен айналысатын №10 маршруттың жұмысы Құлсарының 7-учаскесіндегі М.Нұрманов көшесіндегі «Аружан» мейрамханасынан басталады. А.Орынғалиев, Б.Бойжанов көшесі арқылы ПНГС ықшамауданымен Махамбет даңғылына түсіп, ІІІ ықшамауданындағы Қ.Сыдиықұлы көшесіне қарай бұрылады. Әрмен қарай Ш.Ізбасов пен М.Кенғанов көшесінен «Технодом» сауда үйінің алдымен «Бәйтерек» аялдамасына табан тірейді. Сол жерден Орталық ықшамауданына қарай қозғалып, «Халық Банкі» арқылы «Беркад» базарына барып, аялдайды. Сол жерден Ұ.Абдрахманов пен Ж.Ізтұрғанов көшесімен бойлай өтіп, М.Нұрманов көшесіндегі «Аружан» мейрамханасына қайтып келеді.

Е.ҚОШАҚАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521