200-ден астам оқушы марафонға қатысты

Өткен аптада 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында жаппай жүгіруден марафон өтті.

Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарыстың атауы «Спорт – нашақорлыққа қарсы» деп аталды. Марафонның мақсаты – жастарды салауатты өмір сүру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, бұқаралық спортты дамыту. Оған Құлсары қаласы мен ауылдық округтерден 273 адам қатысып, қаладағы №15 мектептен орталық стадионға дейінгі 3 км қашықтықты жүгіріп өтті. Нәтижесінде 1-орынды Жанаш Бабыржан жеңіп алса, 2-орынды Мағзом Нұрлан мен Арафат Қобланұлы ұтып алды. Ал 3-орынды Рамазан Қалиахмет, Болат Бегімов, Иманғали Нұрымовтар иеленді.

Жеңімпаздар мен қатысушыларды аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сансызбай Баймұратов марапаттады.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521