Ардагерлерге құрмет

№4 мектепте бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі М.Берекетовтің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай шара өтті.

Оған Ауған соғысының ардагерлері Сәбит Ауданов пен Қобылан Байжановтар арнайы шақырылды. Жем ауылдық округі әкімі Бисенбай Қариев, бас маман Сламғали Досқалиев, мектеп директоры С.Қабдрахмановалар ардагерлерді құттықтады. Ардагерлер Ауғанстан соғысы кезінде бастан кешкендерін әңгімелеп, оқушыларды өз елінің патриоты болуға шақырды. Шараның екінші бөлімінде "Айбын" әскери-патриоттық клубының мүшелері арасында «АК-74» қаруын жинау, «ОЗК» киімін кию, турникке тартылу, нысана көздеуден жарыстар болды. Соңында жарыс жеңімпаздарына арнайы алғысхаттар табыс етілді.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521