Білім ошағына – 90 жыл

Өткен аптада №3 орта мектепке 90 жыл толды. Мектеп ұжымы мерейтойды атап өтті.

Келген қонақтар, алдымен, «Шежіре» бөлмесімен танысты. Мұнда мектеп тарихына қатысты барлық мағлұматтар топтастырылған екен. Содан соң салтанатты жиналыс дене шынықтыру және спорт кешенінде жалғасты. Оны Т.Құлтумиев атындағы музыка мектебінің «Жем сазы» ансамблі «Ерке сылқым» күйімен ашты. Мектеп директоры Ш.Оңғарбаева құттықтау сөз сөйлеп, мектеп тарихы туралы баяндады.

Аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Г.Таңатарова мектепті мерейтойымен құттықтады. Мектепте ұзақ жылдар еңбек еткен ұстаздар Қ.Жаймұханованы, З.Нұрғанды, Ұ.Сәрсенбаеваны, Ж.Жиенқұлованы, А.Қиықованы Құрмет грамотасымен марапаттады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Таласов та мерейтоймен құттықтап, мектеп директоры Ш.Оңғарбаеваға алғыс хат табыс етті.

Шәкірттер мектепке арналған жырларын оқыды. «Жылыой жарнамасы» газетінің редакторы Н.Ақназаров құттықтау сөз сөйлеп, Роза Есенғожинаға Журналистер Одағының мүшесі куәлігі мен Құрмет грамотасын табыс етті. Сонымен қатар, «Қауырсын қалам» жинағын мектеп директорына берді.

Мектеп түлегі, қамқоршылық кеңес төрағасы С.Балжігітов құттықтау сөз сөйлеп, мектепке үлес қосып жүрген кәсіпкерлер Т.Сәрсенұлын, Б.Құралұлын, М.Балжігітовты, Қ.Балжігітовты, Б.Қуанышұлын, А.Жақсылықұлын, Б.Тілеуұлын, А.Сансызбайұлын, Ж.Сағидоллаұлын, А.Мақтаубаеваны, Г.Қуанқызын, Н.Тасуұлын, А.Жоламанқызын, Б.Күнбаева мен Ж.Байжановты алғыс хатпен марапаттады. Салтанатты жиналысты мектеп ұстаздары «Алтын ұя мектебім» әнімен аяқтады.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521