Табиғатқа кімдердің жаны ашиды?

* 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

«ҚазАқпараттың» хабарлауынша, биылғы жыл басында Қазақстандағы экологиялық жауапкершілік бойынша түзілген мұнай-газ саласындағы компаниялардың рейтингі жарияланған.

Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының өңіраралық бөлімшесі, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры мен «КРЕОН Энерджи» компаниясының ықпалымен екінші рет өткізілген екен. Мұнай-газ саласындағы ақпараттық қолжетімділікті анықтау үшін тұрақты түрде қолға алынып келе жатқан бұл рейтингі табиғат пайдаланушы мұнай компанияларының экологиялық жауапкершілігін арттыра түсті.

2017 жылдың қорытындысымен «ҚазМұнайГаз» компаниясы бірден бірінші орынға көтерілді. Одан кейінгі кезекте «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» пен «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорисиз» АҚ-лары иеленген-ді. Ал өткен жылдың жеңімпаздарын анықтау үшін 19 компания тартылған-ды. Нәтижесінде тағы да «қазмұнайгаздықтар» мен «қарашығанақтықтар» рейтингтің алдын бермеді. Ал үшінші орынды «Ембімұнайгаз» АҚ жеңіп алды. Ал басшылары «Бізде барлық экологиялық талаптар қатаң сақталады» деп мінбелерден жиі сөйлейтін «Теңізшевройл» жетінші орыннан төбе көрсетті.

Былтыр еліміз 90 млн-нан астам қара алтын мен 55 млрд.текше метр көгілдір отын өндірді. Мұның барлығы заманауи озық технологияның күшімен жүзеге асты. Рейтинг сол өндірістік процестердің қай компанияларда экологиялық талапқа сәйкес келетіндігін,қоршаған ортаға қаншалықты зиянды-зиянсыз екендігін көрсетіп берді. Яғни соның арқасында табиғатқа кімдердің жаны ашитындығын анықтап, білдік.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521