39,3 тонна көкөніс өндірілді

Облысымыз бойынша 2018-2019 жылдар аралығында тұрақтандыру қорына 1,535 тонна ауылшаруашылық тауарларын кепілдендіру жоспарланған.

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК АҚ өкілдерінің айтуынша, тұрақтандыру қорына 1,270 тонна картоп, 115 тонна пияз, 100 тонна сәбіз және 111 тонна қырыққабат қойылады. Бағалар арнайы комиссияның шешімімен бекітіліп, нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен болмақ.

Құлсары қаласы әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек, ауданда ауылшаруашылығы өнімдерінің нарықтағы бағасын тұрақтандыру мақсатында «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан қараша мен желтоқсан айларына 39,3 тонна көкөніс алынған. Оның 4,8 тоннасы - сәбіз, 8,2 тоннасы - пияз, 4,3 тоннасы - қырыққабат және 22 тоннасы - картоп. Бүгінде аталған көкөніс түрлері қала орталығында төмендетілген бағамен сатылып отырған көрінеді.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521