Фермерлер одағы өнім сапасын арттыруға көмектеседі

Осы аптада «Кәсіпкерлер үйінде» «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бөлімшесінің жетекшісі Мұрат Сарманов аудандағы шаруа қожалығы жетекшілерімен кездесу өткізді.

Оған аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қанат Мыңбаев, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерболат Төлендиевтер қатысты. Мұрат Сатыбалдыұлы фермерлер одағының міндеттері туралы түсіндіріп, шаруалардың сұрақтарына жауап берді.

–«Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің міндеттері туралы айтатын болсақ, ауылшаруашылығы саласындағы шаруалардың мүддесін қорғау. Осы саланың дамуына кедергі келтіретін түрлі мәселелерді жою. Шаруларға кәсібін дамытуға арналған бағдарламаларға қатысу үшін құжаттарды жасауға көмектесу. Өнім сапасын арттыру, мал басын асылдандыру. Көршілес мемлекеттермен іскерлік қарым-қатынас орнату, – деген Мұрат Сатыбалдыұлы ауданымыздан фермерлер одағының бөлімшесін ашқалы отырғанын хабарлады.

Оған басшылық етуге Сейітжан Балжігітовті ұсынып, қатысушылар арасында дауысқа салды. Жиналысқа қатысушылардың басым бөлігі ұсынылған азаматқа қолдау білдірді. Өз кезегінде Сейітжан Қапанұлы шаруалардың сенімін ақтап, жоғарыда айтылған міндеттерді орындауға жұмыстанатынын жеткізді. Сонымен қатар, кездесуде шаруалар көтерген мәселелерге орай нақты жауаптарын берді.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521