Домбыра құлағында ойнайтын балалар

Өнерлі балаларды қолдау мақсатында «Қазақстан таланттары» атты республикалық өнер сайысы өтті.

Сайыста №1 Тоқсанбай Құлтумиев атындағы мектептің оқушылары көпшілікті тәнті етті. Мектептің ұстазы Жанар Тлеубергенқызы жетекшілік ететін «Жем сазы» домбырашылар ансамблі көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, 1-орынды қанжығасына байлады. Олар күйші Әбдімомын Желдібаевтың ел арасында кең танылған «Ерке сылқым» күйін төгілткен болатын. Ал шәкірттері Азиз Есенғожин мен Сабина Темірбекқызы әділқазылардың жоғары бағасын алып, 1-орынды жеңіп алды. Санжар Серіков 2-орынға, Дана Сабыр мен Гүлназ Жылқыбақ 3-орынға ие болды.

П.ЖАУЫНБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521