Мәдениетім – мерейім

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні.

Бұл күн - әрбір мәдениет қызметкерлері үшін ерекше күн. Бұл күні мәдениет саласы мамандары жыл бойы атқарған жұмысына есеп береді.

Ал осынау мәртебелі мамандық иелерінің  атқарар жұмысы да, көрсетер нәтижесі де, халық назарына ұсынар жаңалығы да мол. Әсіресе «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жүйелі жұмыстар мен жоспарлар күшіне енгелі бері талай ауқымды жобалар жүгі осы сала мамандарының иығына түскені де рас.  Осы атаулы мерекеге орай Қосшағыл мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Мәдениетім - мерейім» атты мерекелік шара өтті.

Онда Қосшағыл мәдениет үйінің директоры Қ.Жұманова мәдениет және өнер қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, ауылымыздың мәдени шараларына атсалысып жүрген мәдениет қызметкерлеріне ауыл әкімінің атынан алғысхат пен естелік сыйлықтар табыс етті. Кеш соңында ауданға танымал әншілер Г.Қаналиева, А.Қоңыров, Т.Темірханов және ауыл өнерпаздары Ф.Рамазанова, А.Қоянақова, А.Шабаева т.б. өнер көрсетті.

Н.Бөлегенова,

Қосшағыл мәдениет үйінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521