Жастар театры көрерменін күтеді

«Кең Жылыой» мәдениет үйі. Көрермен залы лық толы. Сахна декорациясы да шебер жасалған. Ауыл. Дала гүлдері мен кәдімгі шарбақ, дуал. Қойылым ойнақы музыкалық әуенмен басталды.

Жылыой халықтық театры бұрыннан ауданымызда өнер көрсетіп келеді. Театр ұжымы жыл сайын көрерменіне қызықты қойылымдарын көрсетіп келе жатыр. Облыстан да жүлделі орындармен марапатталған.

Биыл театр Жастар жылына орай аудандағы талантты жастардан құралып, Жастар театры болып қайта жасақталды. Өңкей сайдың тасындай жас қыз-жігіттер театрды шын мәнінде халық арасында танымал етуге құлшынып тұр. Ауданымыз – ежелден өнер қонған қасиетті өлке! Талантты жастар да өте көп. Олар өткен аптада драматург Т.Миннуллиннің «Диляфруздың төрт күйеуі» комедиялық қойылымын тұңғыш рет жылыойлық көрермендерге ұсынды.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінде

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521