Бильярдтан өткен бәсеке

Амал мерекесіне орай аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» қонақ үйінде бильярдтан аудандық чемпионат өтті.

Оған 14 ойыншы қатысып, бақ сынады. Олар екі топқа бөлініп, үздіктер финалда бәсекеге түсті. Ауданымыздың ойыншылары қызықты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде Сардар Мамырбаев қарсыластарын жеңіп, чемпион атанды. Жүлделі екінші орынды Ғабиден Шаңханов иеленсе, үшінші орынды Жасұлан Құрманғалиев пен Жандарбек Тілекқабыл еншіледі. Жеңімпаздар аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің тағайындаған кубогі, мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталды. Бильярдтан аудандық чемпионатты өткізуге мұрындық болып, демеушілік көрсеткен аудан азаматы А.Жанғазиев болатын.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521