Кіші аяқдоп ойыны

Ауылдастарды еске алуға арналған ойын тартысты өтті.

s

Жастардың спортқа бет бұруы көңіл қуантады. Құлсары қаласындағы СМП-224 ықшамауданы тұрғындарының ұйымдастыруымен кіші аяқдоптан өткен жарыс оның айқын дәлелі іспеттес. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық шара осымен үшінші жыл өткізіліп отыр. Ата-аналар осындай шара ұйымдастырып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.

s

s

Кіші аяқдоп ойыны 1988-2004 жылы туған жастардың арасында өткізіліп, оған 8 команда қатысты. Нәтижесінде 1996-1997 жылы туған жастар командасы 1-орынды жеңіп алды. 2-орынды 1988-1989 жылғы жастардан құралған команда еншілесе, ал үшінші орын 1992-1993 жылы туған жастар командасына бұйырды.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521