Жақында Құрманғазы ауданында Кеңес әскерінің Ауған елінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай және Ауған соғысында қаза болған Б.Құбаевты еске алуға арналған футболдан ашық облыстық турнир өтті.
Оған №2 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2007-2008 ж.т. футбол үйірмесінің спортшылары қатысып, жүлделі 3-ші орынды иеленді. Жасөспірім спортшыларды жарысқа дайындап жүрген аталған мектептің жаттықтырушылары А.Абилдиев пен А.Байбосыновтар болатын.
Қ.Нұртайұлы.