Спортты қолдау – болашақты ойлау

Қазақтың ұлттық күресіне етене жақын еркін күрес ауданымызда жақсы дамып келеді.

Оған дәлел - Жылыой балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі еркін күрес бөлімінің жаттығушыларының халықаралық додалардан жүлделі оралуы. Әріге бармай-ақ биылдың өзінде жас палуандарымыз Қазақстан Республикасының чемпионатында, Бакуде өткен халықаралық жарыста, Румыния мемлекеті, Бухарест қаласында өткен халықаралық турнирде жүлделі орындарға қол жеткізді.

-Мектебімізде еркін күрес бөлімінде тәлім алып жатқан спортшыларымыз Аманғали Бекзат пен Нұрдәулет Базарбаев қазіргі кезде еркін күрестен Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындалуда. Сонымен қатар палуандарымыз Болгария мемлекеті, София қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысып, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғайды,-дейді жаттықтырушысы Нұрлан Әлжанов.

Әрине, спорттың қай саласы болмасын демеушісіз болмайды. Ауданымыздан шыққан жас өрендердің жеңіске деген жігерін арттырып, қолдау көрсетіп жүрген аудан азаматтары да бар. Атап айтсақ, үлкен спортта жақсы нәтиже көрсеткен спортшыларды қамқорлығына алып, сый-сияпат көрсетіп жүргендер - аудандық мәслихат депутаты Аманбек Мұқанов және кәсіпкер Асылбек Өмірзақовтар. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» демей ме қазақта?!

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521