var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

0,47 грамм марихуана айыппұл арқалатты

Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері шақыртылып, куәгерлердің қатысуымен заттай дәлелдеме ретінде алынған шөптің сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша салмағы 0,47 грамм болатын кептірілген марихуана екендігі белгілі болды. Ал оның иесі кеніштегі бір мердігер мекемеде жүк ілуші болып жұмыс жасаған орда бұзар отыздан асқан азамат болып шықты.

Ол алдын ал тергеу амалдары барысында да, сот талқылауы кезінде де өз кінәсін толықтай мойындап жауап берді. Жұмысшы оны жатақхана сыртына темекі шегуге шыққан кезде тауып алған екен. Сары қағазға оралған затты қалтасына салып алған ол есірткіні пайдаланбаған,тек бөлмесінде сақтағаны үшін айыпты болып шыға келген. Онысын кеш түсініп, сотта заң алдында кешірім сұрады. Асырауында екі кішкентай баласының барлығын көрсетті.

Іс бойынша жинақталған және басты сот талқылауында зерттелген дәлелдемелерді негізге алған сот айыпкердің қылмыстық теріс қылық әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен дұрыс сараланған деп санады. Өйткені ол заң тілімен айтқанда, есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаған. Дегенмен сотта өзге де жайттар ескерусіз қалмады. Айыпкер сары қағазға оралған шөп ұнтағын тауып алғанымен, оны басқа жаққа тасымалдап жеткізбегені бекітіледі. Тергеп-тексеру органы есірткінің нақты шыққан көзін, қай жерден алып, ол жерге қалай келгенін, сотталушының қандай жағдайда тауып алып, иемденгенін бекітетін дәлелді деректер келтірмеген. Осы әрекет бойынша қылмыстық істі бөлектеу жөнінде қаулы қабылданып, іске тіркелмеген. Сондықтан сот іске соңғы нүкте қоярда ҚР Жоғарғы сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы №19 «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулысының 24-тармағының 2-абзацын негізге алды. Сондықтан сот тергеу органымен айыпкерге «Есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденген және тасымалдаған» деп таққан айыбын негізсіз санап, алып тастады.

Аудандық соттың үкімімен айыпкер Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Осы бап бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 48100 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен бірге мемлекет пайдасына 46540 теңге процестік шығын да өндірілді.

А.Балмұханова, аудандық соттың судьясы,

Е.Бисекенұлы, өз тілшіміз.

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner