1 млн. доллардың жеті жобасы

«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2010 – 2018 жылдар аралығында үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп, жалпы құны 7 млн. АҚШ долларынан астам 54 жобаны қаржыландырып, іске асырды. Ал құрылған уақыттан бастап, ширек ғасыр ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға 300 млн АҚШ долларын жұмсады.

Компанияның білікті мамандарынан құрылған әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңес осындай жобаларды іріктеп, жүзеге асырады. Бір ғана былтырғы жылдың өзінде жалпы мөлшері 1 млн. АҚШ долларына бағаланған 7 жобаға қолдау көрсетті.

Бұл жөнінде Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің таратқан баспасөз мәлімдемесінде хабарланды. Жақында біріккен компания өткен жылғы әлеуметтік-инвестициялық бағдарламаларын қаржыландырудың қорытындысы хақында жиналыс өткізді. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Шапкенов, аудан әкімі А.Бекет, ТШО серіктестері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Е.Қошақанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521