ads_banner

15 балаға велосипед сыйлады

Шараны партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов ашып, бұл күннің ерекшелігіне тоқталды. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы С.Қамидолла ауданымызда аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жасалып отырған жағдаймен таныстырды. Аудандық мәслихат депутаты Аманбек Мұханов өз атынан 15 мүмкіндігі шектеулі балаға велосипед сыйға тартты. Сыйлық алып, шаттанған балалардың ата-аналары атаулы күнде осындай сый жасаған азаматтарға алғыстарын айтты. «Бала - біздің болашағымыз. Оларды аялап, азамат етіп, үлкен өмірге ұшыру - біздің міндетіміз. Барлық баланың денсаулығы жақсы болсын, ешқашан ауырмасын, періште жүздерін мұң шалмағай. Дәл бүгінгі күндей қуаныштан жүздері жайнап жүрсін, бақытты балалық шақ тілеймін»,- деді депутат.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ.

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner