500 жұмыссыз түйіндемесін тапсырды

Жылыой ауданы әкімдігі мен Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен кең көлемде жәрмеңке өтті.

Қаладағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешенінде 30 мекемеден келген өкіл бос жұмыс орындарының тізімін алдарына тізіп қойыпты. Қолдарына түйіндемелерін ұстаған тұрғындар жәрмеңкеге қарай ағылды. Байқағанымыздай, жұмыс іздеп келгендердің басым көпшілігі жастар екен.

Бір қызығы, барлығы мүйізі қарағайдай аты бар мекемелер - "КМГ Нейборс Дриллинг", "Велестрой", "Сенімді Құрылыс" компанияларына қарай жүгіреді. Бірақ жалақысы көп «КМГ Нейборс Дриллинг» мекемесінің өкілі алдына келген түйіндемелердің барлығын қабылдай қойған жоқ. Айтуынша, бұл компанияға екінің бірі жұмысқа орналаса алмайды. Өйткені талап жоғары. Ал «Сенімді Құрылыс» мекемесі, керісінше, жылыойлықтарды жұмысқа қабылдаудан қашпақ емес.

Сондықтан тұрғындар түйіндемелерін сеніммен тапсыруда. Сондай-ақ "ЮСС Суппорт Сервисез", "Бонатти С.п.А Казахстан", " Арктик Экуипмент Казахстан", "Саренс", "COC Realty", "Құлсарыгаз", "Доларо Оверсиз Лимитед", "Гате Иншаат Таахют санайи ве Тиджарет", "Агропромтехника", "Жылыойгаз", "Болашақ Атырау", "Мунайсервис ЛТД" т.б. мекемелер бар. Нәтижесінде 571 жұмыссыз түйіндемелерін тапсырды. Аудан әкімі Азамат Бекет жәрмеңкенің нәтижесі жақсы болуы үшін әр компанияның өкілімен тілдесіп шықты. Оларды жұмыссыздардың сеніміне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

П.ҚИЗАТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521