ads_banner

88 үйге жарық шамдары орнатылды

Бұл кездесуде қала тұрғындары аудан әкіміне ықшамаудардың хал-ахуалын жеткізіп, көкейтесті мәселелерді көтерген болатын. Тұрғындар ықшамаудандар аулаларының жарықтандырылмағанын, қараңғылық түссе, қалашықтар тас қараңғыда қалатынын айтты. Ал қылмыстың да, бұзақылықтың да көп үлесі қараңғылықта жасалатындықтан, көпшілік шоғырланған шағын аудандардың жарықсыз болуы қауіпті екені бесенеден белгілі. Әрі қала болған соң, атына заты сай боп самаладай жарқырап тұрғаны дұрыс емес пе?

Сондай-ақ, тұрғындар аулалардағы тазалық мәселесінің ақсап жатқанын жеткізді.Олардың айтуынша, ықшамаудандардағы көптеген келеңсіздіктер жалдамалы пәтерлердің көптігінен орын алып отыр. Өйткені, бұл жерді уақытша ғана паналайтын пәтер жалдаушылар ортаның мүддесіне немқұрайлы қарайды. Аудан басшысы ықшамаудандарды аралап, тұрғындардың шағымдарын тыңдай жүріп, аулаларды жарықтандыруды, ондағы тазалықты реттеу үшін подъездер алдына қоқыс жәшігін орнау қажеттігін айтты.Екі айдан соң айтылған уәде іс жүзінде жүзеге асырылды. Ықшамаудандар аулаларына жалпы саны 88 жарық шамдары орнатылды. Сонымен қатар, тәжірибе ретінде бір ауланың подъездеріне қоқыс салатын жәшіктер орналастырылды. Бұл, өз кезегінде, тұрғындарды тазалыққа баулымақ.

- Атқарылған істер демеушілердің көмегімен жүзеге асуда. Орнатылған жарық шамдары қазіргі уақытта қалаішілік көше шамдарымен бірге бір жүйеге біріктіріледі. Сондай-ақ, аулаларды таза ұстау мақсатында қоқыс салатын жәшіктер орнату жұмыстары алдағы уақытта жалғасады, - дейді аудан әкімі Азамат Бекет.

С.ӘЛИ.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner