Қаңғыбас иттер базар маңын шарлап жүр

Газетіміздің өткен сандарының бірінде көшеде иесіз жүрген бұралқы иттер жөнінде жазған болатынбыз.

Енді, міне, сол қаңғыбас иттер базардың қақ ортасында кезіп жүр. Әсіресе «Автобекет» маңында тілдерін салақтатып, өткен-кеткен адамдарды жеп қоярдай, үрейлерін ұшырады. Ешкімнің өміріне қауіп төндірмейді дегеннің өзінде ит иттігін жасап, біреу-міреуді қауып алмасына кім кепіл?

Базар маңы - үлкеннің де, кішінің де көп жүретін жері. Иесіз иттер адамдарға шабуыл жасаған жағдайда оған жауапты кім болмақ? Адамдарды қорқытып қана қоймай, қала сәнін кетіріп, ауаға әртүрлі аурулардың таралуына себепкер болып жүрген иттердің жойылуына кім әрекет жасамақ?

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521