ads_banner

Ағылшын тілін тегін үйретеді

Шынын айту керек, ағылшын тілі халықаралық қатынас тілі ретінде өзге тілдерге тізгін ұстатар емес. Абай «Дүниенің кілті орыс тілінде» деп кезінде қазақты прогресске үндесе, бүгінде «дүниенің кілті» - ағылшын тілінің қолында. Ендеше британдықтардың тілін үйреніңіз! Алайда ағылшын тілін үйрену үшін де қалтаңызда қаражат болмаса қиын, себебі оқыту курстарының бәрі ақылы. Ал көпбалалы немесе күнкөрісі төмен отбастарындағы жасөспірімдер ай сайын төленетін қаражатты қайдан табады? Міне, осы орайда «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен құрылған «Ынтымақ» қоғамдық қоры оларға көмекке келді. Қор ауданымыздағы осындай 45 балаға 5 ай бойы ағылшын тілін тегін оқытады. Оларға жоғары деңгейлі ағылшын тілі мұғалімі Жанар Смағұлова сабақ береді.

a

Өткен аптада осы курстың ашылу рәсімі болды. «Ынтымақ» қорының координаторлары Альбина Қожахметова мен Әйгерім Көпжасарова келген балаларды жылы шыраймен қарсы алды. Ағылшын тілі курсында 5 ай бойы тегін оқитын балалар - еліміздің білімді, бірнеше тілді меңгерген, интеллектуал азаматтары боп шығады деп ойлаймыз. Ауданымыздағы көпбалалы отбастарына осылайша көмектескен «Ынтымақ» қорына ата-аналар алғыстарын білдірді.

С.Тәжіқызы

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner