ads_banner

«Адал ұрпақ» еріктілер клубы

Ағымдағы жылдың 4 маусымы күні аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, аудандағы жалпы орта білім беретін мектептердегі «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелерінің жұмыстарымен танысып, олармен атқарылған шараларға байланысты ой бөлісіп, туындаған мәселелеріне назар аударылды. Ауданымыздағы жалпы орта білім беретін мектептердің барлығында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмыстары оқу жылының басында бекітілген бұйрықтарына сәйкес ұйымдастырылып, жастардың бойында өнегелік, жауаптылық, бастамашылдық, патриоттық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы кешенді шаралар қолға алынған.

Жыл сайынғы «Адал ұрпақ» еріктілер клубына жаңа мүшелерді қабылдаудың салтанатты іс-шаралары, тақырыптық сурет салу мен шығарма жазудан аудандық байқаулар өтіп тұрады. Мектептердегі клубтарға ұйымдастыру қабілеті жоғары ұстаздар жетекшілік етеді. Кездесуге қатысқан аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы А.Арыстанғалиева оқушыларға өз тілегін айтып, біліммен қаруланып, тәрбиелі, адал, әділетті болу бағытындағы жұмыстарды әрі қарай жалғастыру керектігін жеткізді.

Кездесу соңында оқушылар мен ұстаздарға, клуб мүшелеріне «Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Пара берсең, жазаланасың!» тақырыбындағы жадынамалар таратылды. Игі жұмыстар әрі қарай жалғасын таба бермек.

Жылыой ауданы әкімінің аппараты

a

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner