Қайтқан қойдың қайыры бар

Жақында аудандық ішкі істер бөліміне ауылдық жерде тұратын бір әйел адам арыздана келді.

Оның шағымындағы хабарламаға қарағанда, белгісіз біреулер қорадағы қойына ұрлыққа түскен. Оқиға түнгі сағат 24.00 мен 02.00 аралығында орын алыпты. Түн жамылып, мысықтабандап келген ұрылар жәбірленушінің үйінің ауласындағы мал қорасына түсіп, екі бас қойын тиеп кетеді. Бірақ ұрылар ізін суытып үлгермеді. Жедел іздестіру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері сол ауылдан орда бұзар отыздан асқан азаматты ұстады. Оның «RAVON» маркалы автокөлігінің жүк салғышынан түнде ұрланған қос қой «маңырап» шыға келді. Жүргізуші көрші ауданнан келген «қонақ» болып шықты. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу кезінде «қонақ» жігіттің түнде жалғыз жорытпағаны да белгілі болды. Күні бүгін ұрының қасында болған сыбайласын қолға түсіру үшін жедел іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр. Ал ұрланған қойлар иесін тапты.

Е.Қошақанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521