ads_banner

Қайырымдылық сөрелерінде – азық-түліктер

Біз де - мұнайлы өлкеміз, орташа жалақымыз бірнеше жүзді құрайды деп аузымызды айға білегенімізбен, ауданымызда тұрмысы төмен отбасылар, жалғызілікті жандар бар. Бұрын ондайды көрмеуші едік, бірақ соңғы кезде қала көшесінен тиын-тебен сұраған балаларды, ал таяуда тіпті үлкен сауда үйінің алдында қайыр сұрап тұрған егде жастағы әйел адамды көріп, құлазып қалғанымыз бар.

Дегенмен тұрмысы төмен жандарға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі түрлі көмектер ұйымдастырып келеді. Аудандағы көмекке мұқтаж жандардың түгелге дерлігінің дерегі осында бары кәміл. Міне, осы жандарға бөлім арқылы үкімет қамқорлығынан бөлек, мекемелер мен кәсіпкерлер қолдауы арқылы үнемі азық-түліктей, заттай көмек көрсетіліп жүр. Сондай-ақ, жоғарыда біз айтқандай, көмекке мұқтаждарға бүкіл қоғамды жұмылдыру тәсілдерін қолға алып, қайырымдылық іске мұрындық боп отыр. Мысалы, «Беркад» сауда үйінен «Мейірім» киім дүкені ашылды. Оған тұрғындар киілмей қалған жаңа немесе таза киім-кешектерін апарса, мұқтаж адамдар соның ішінен қалағандарын алып жүре береді. Енді жақында «Лидер» сауда үйлеріне де қайырымдылық сөрелері қойылды. Яғни дүкеннен сауда жасаған, қайырымдылық жасауға ниетті тұрғындар қайырымдылық сөресіне қандайда бір азық-түлікті қойып кетеді, ал көмекке зәру жандар сол жерден керегін алады. Бұл бастамаға «Лидер» сауда үйінің басшылығы да қолдау жасап отыр. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Серік Қамидолла қайырымдылық сөресі ойлағандай өз нәтижесін беріп жатқанын айтып отыр. Кейде сөрелер аузы-мұрнынан шыға толып кетеді екен. Мұндайда бөлімге қарасты еріктілер азық-түлікті көмек сұраған жағдайы төмен отбасыларға, кемтар, жалғызілікті жандардың үйлеріне жеткізіп отырады екен. Өткен аптада да қайырымдылық сөресіне азық-түлік мол жиналыпты. Бөлім басшысы бұларды теңдей бөліп, 5 әлеуметтік жағдайы төмен үйге таратып берді.

Қайырымдылыққа осылайша қоғамды тарту, адамдардың бір-біріне көмек қолын созуына дәнекер болудың қай тарапқа болсын пайдасы зор.

С.МҰРАТҚЫЗЫ.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner