Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар

Өткен аптада Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің 55 жылдығына орай қайырымдылық акциясы өтті.

Шараны колледж психологі Б.Атшыбаева ашып, қайырымдылық ұғымының екі қыры бар екенін жеткізді. Оның бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау), екіншісі - іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).

Алғашқы сөз кезегі колледж директоры Марат Ибраевқа беріліп, ол колледж ұжымының атқарып отырған жұмысымен кеңінен таныстырып өтті. Осы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры, колледждегі қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ерболат Төлендиевке ұжым атынан ризашылығын білдірді. Палатаның өкілі Ерлан Нұрланұлы жастарды қолдау, кәсіпкерлікті бастау бағытындағы жобалармен таныстырып өтті. «МұнайТрансСервис» ЖШС директоры Жанболат Төлендиевтің атынан 10 студентке 20 мың теңгеден, барлығы 200 мың теңге қаржылай қолдауды мекеме заңгері Г.Батырова табыс етті.Ал «АгропромТехника» мекемесінің басшысы Мақсат Садақбаевтың атынан 100 мың теңге қолдауды кадр бөлімінің көмекшісі Н.Жанғалиева жеткізді. «Достан ата» шаруашылық қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Сеійтжан Балжігітовтың 5 студентке беріп жіберген қысқы киімдерін есепшісі Перизат Қамиева табыс етті. «Жас Ұрпақ Құрылыс» ЖШС директорының орынбасары Салтанат Халелова мен кадр бөлімінің меңгерушісі Айымгүл Маслихатовалар 11 студентке қысқы киім сыйлады.

Сонымен қатар колледждегі бір топ қызметкер атынан колледж директоры 2 студентке аяқкиім және ақшалай сыйлықты табыс етті. Шара кезінде колледждің музыкалық көркемдеушісі Бүркіт Ермекбаев терме айтса, студенттер Жолдас Азат, Мадина Бағытовалар ән шырқап берді. Шараға қатысқан бір топ ата-ана шараны ұймдастырушылар мен қолдау көрсетіп отырған аудан азаматтарына ризашылығын білдірді.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521