Апалардың аялы алақаны

Ауданымыздағы аналар кеңесі «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында аз қамтылған отбасыларға, толық және жартылай жетім, мүмкіндігі шектеулі балаларға «Қайырымдылық – қадірлі іс» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Елбасы өзінің халыққа Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл – өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деп атап көрсеткен еді. Шараға аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Кәдіров қатысты. Акциядааудандық Аналар кеңесі мүшелері, «Теңізшевройл» ЖШС-нің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ғалия Есенова және Атырау облыстық «Қоғамдық келісім» ұйымының аудандық сарапшысы Айнагүл Сыдықова өз қаражаты есебінен 10 балаға азық-түлік берді.

Ж.ШАҢҚАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521