ads_banner

Ардагерлер мен мүгедектерге қолдау бар

 Осы орайда аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілері бөлімінің басшысы Серік Қамидолламен әңгімелескен болатынбыз.

-Серік Қамидоллаұлы, ауданымыз бойынша қанша мүгедек бар, олар қажетті құралдармен қамтылып отыр ма?

-Аудан бойынша 2057 мүгедек бар, оның ішінде 140-ы I топ, 502-сі II топ, 961-і III топ, 454-і – бала жастан мүгедектер. Жыл басынан бері мүгедектерден протез-ортопедиялық құралдарға 201, сурдотехникаға 22, тифлотехникаға 85, гигиеналық құралдарға 202, жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектерінің жеке көмекші 118 мен ымдау тілі маманының қызметіне 27, кресло-арбаға 51, медициналық-әлеуметтік орталығына 213, санаторияға 459 өтініш қабылданған. Қазіргі таңда сұранысқа сай келген техникалық және көмекші құралдары таратылуда. Сонымен қатар тонометр, глюкометр, термометрмен түскен өтінішке сай қамтылуда. Жыл басынан бері 2 рет облыстық басқармаға техникалық және көмекші құралдарға қосымша сұраныс жолданды.

-Ардагерлер мен мүгедектерді сауықтыру бағытында қандай жұмыстар атқарылды?

- Жыл басынан бері 94 мүгедек облыстық оңалту орталығына барып, ем алып келсе, тамыз айына 20 мүгедекті оңалту орталығының жолдамасымен қамту жоспарланып отыр. Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Тәуелсіздік-Д» шипажайына 47 жолдама бөлінсе, оның күні бүгін 38-і ем алып келді. Алматы облысы, Талғар қаласы, «Спутник» демалыс үйіне көз мүгедектеріне 30 жолдама бөлінсе, бүгінде оның 15-і демалып келді. Ақтөбе облысы, «Алғабас-А» ЖШС «Шипагер» шипажайына 128 жолдама бөлініп отырса, 10-ы ҰОС ардагерлері мен Ауғанстандағы ұрыс-қимылдарына қатысушыларына берілген. Күні бүгін аталған шипажайдың жолдамасымен 29 мүгедек, 4 Ауған соғысына қатысушы қамтылып отыр. - Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығына қатысты ең өзекті мәселе - «кедергісіз» ортаны қалыптастыру. Осы орайда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсаңыз. -Аудан бойынша кезең-кезеңімен жоспарға сай түгендеу және бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, 200 нысан түгенделіп, жыл сайын аталған объектілер жоспарға сай бейімделіп отыр. 200 нысанның ішінде 163 нысан бейімделуге жатады деп жоспарланып, аудан әкімінің орынбасарымен бекітілді. Оның 2015 жылы - 6, 2016 жылы - 78, 2017 жылы - 55, 2018 жылы – 24 нысан. Қазіргі таңда 2018 жылға жоспарланған объектілер бойынша ғимарат басшыларына хаттары таратылып, орындалу мерзімдері көрсетілген. Бүгінгі күні жоспарланған объектілер бойынша 22-і аяқталып отыр.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінің алдағы санынан оқисыздар.

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner