ads_banner

Қарттарға құрмет көрсетілді

Бұл ретте аудандық аурухананың кәсіподақ комитеті өз ардагерлерін ұмыт қалдырып көрген емес. Жақында кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлхан Қожағұлованың ұйытқы болуымен ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына айрықша үлес қосқан бір топ ардагерлер мен зейнеткерлерді ұлығылады.

Қарттар күні мен қазандағы қайырымдылық айына орайластырылған шараны аурухана басшылығы да қызу қолдап, қарияларға құрмет көрсетті. Онда орталық аурухана директоры Нұрбек Үкібаев, ардагерлер ұйымының төрайымы М.Ізмағамбетова саналы ғұмырын аудан халқы денсаулығының күзетіне сарп еткен абзал жандарды құттықтап, түрлі сый-сияпаттарын ұсынды. Қарттар күні қариясын құрметтеген бүгінгінің дәрігерлеріне ардагер ағалар мен апалар алғысын жаудырып, ақыл-кеңесін де аямады.

Е.Бисекенұлы.

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner