Ашық аспан астында мультхикая

Әр үйде ойын баласы болады.

Балалардың асыға күтетін жазғы демалысы басталып та кетті. Олардың даланы аңсап, доп тебуге асығып тұратын қасиетін өзгерту мүмкін емес шығар. Осы орайда «Ынтымақ» қоғамдық қоры 21 маусымнан бастап, әр жұма сайын кешкі 21.00-де мектептердің спорттық алаңдарында «Ашық аспан астындағы кино» атты бағдарламасын бастап кетті. Олар үлкен экраннан мультхикая көрсетеді. Баланың далада өткізген екі сағат уақытын тиімді пайдаланып, жаман әдеттерден аулақ болуы мақсатында осындай бағдарлама жүзеге асырылып отыр.

k

Алдағы уақытта мультхикая 5 шілдеде №7 мектепте, 12 шілдеде №8 мектепте, 19 шілдеде Жастар үйінде, 26 шілдеде №9 мектепте, 2 тамызда №18 мектепте, 9 тамызда №19 мектепте, 16 тамызда №21 мектепте, 23 тамызда Жастар үйінде көрсетілетін болады.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521