ads_banner

Асық ойнаған балалар

Иіргенде түскен қалпына қарай асық  алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап, арнайы қорғасын құйылып жасалғаны сақа, жақсылары оңқы аталады. Халқымыз асықты қастерлеген. Мұндай ұлттық ойын түрлері әсіресе жасөспірімдердің рухани дамуына жақсы әсер ететіні анық.

Қосшағыл мәдениет үйінің ұйымдастыруымен асық ойнаудан ауыл балалары арасында жарыс өткізілді. Жарысқа он екі бала қатысты. Жүргізуші Амандық Әлібек, алдымен, асық ойынының маңызы мен ерекшелігін түсіндірді. Жарыс нәтижесінде бірінші орынды Е.Амангелді алса, екінші орынды Н.Әліби иеленді. Жарыс соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Н.Бөлегенова, Қосшағыл мәдениет үйінің әдіскері

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner