Асылжанның есімі энциклопедияға енді

Уақыт өтер, ұрпақ алмасар. Алдыңғы толқынды кейінгі толқын қуып жетер. Бүгінгі жас ертең-ақ ел тізгінін ұстар көшбасшы, ғылымның игілігін көпке ұсынар ғалым, халқы үшін пайдалы жобаларды іске асырушы инженерлер, ұлттың денсаулығының сақшысы болар дәрігерлер, білімді ұрпақты тәрбиелер ұстаздар, өзге де саланың белді маманына айналары хақ.

Еліміздің болашағы қандай болғанын қаласақ, жастардың қалай жетіліп келе жатқанына немқұрайлы қарауымыз керек емес пе? Биылғы жылдың да «Жастар жылы» деп аталуы тегін емес. Сол болашақтың қамы –жастарға қамқорлық көрсету, дарынды баланы қолдау.

Осындай мақсаттан туындаған болса керек, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», оның ішінде «Туған жер» бағдарламасы аясында былтыр Қызылорда қаласындағы «Orda.kz» баспасынан «Қазақстан болашағы» деген көлемді жинақ жарық көрді. Бұл кітапта еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды балалар жайлы жазылған. Осы кітапқа жерлесіміз, дарынды жас Асылжан Айсанованың енгені - біз үшін мақтаныш. Мақалада Асылжан туралы мол мәлімет беріліп, фотосуреттерімен көркемделген. Оның білім, өнер және спорттағы жетістіктері кең көлемде жазылыпты.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінің №7 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521