ads_banner

«Atyraӳ» газетінің «Bilim like» жобасы қорытындыланды (+ФОТО)

23 Май, 2019, Автор: Амандық

Atr.kz/23 мамыр, 2019 жыл. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Atyraӳ» газетінің мектептердегі бастауыш сынып оқушылары арасында қолға алған «Bilim like» жобасының қорытынды акциясы өтті. Пилоттық жоба бұған дейін Атырау қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия мен үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназиясында жүзеге асырылды.

«Біз «Atyraӳ»-мен біргеміз!» тақырыбындағы акция аталмыш екі білім ордасында да жүргізілді. Салтанатты шараға облыстық «Atyraӳ» газетінің Бас редакторы Исатай Балмағамбетов және ұстаздар қауымы, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

a

– Рухани байлықтың көзі кітап, газет оқудан басталады. Мұны еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпаққа, соның ішінде бала шақтан бастап бүлдіршіндердің бойына сіңіріп, оларды газетпен дос болуға, басылымдарды оқуға ынталандыру – бүгінгі уақыт талабы. Өйткені, талай ұлттық құндылықтар мен өзгелер қызыға қарайтын бай мәдениетіміз туралы осынау қағаз беттерінде қатталып жатыр. Сондықтан, оны жас буынның бойына сіңіру қажет. Осы орайда облыстың бас басылымы ұйымдастырған «Bilim like» қосымшасының бүгінге дейін алты нөмірі жарық көрді. Газет ішіндегі газет саналатын төрт беттік осы қосымшада апта сайын білікті педагогтардың құрастырған әртүрлі логикалық тапсырмалары жарық көрді. Мұны екі мектептің де оқушылары белсенділікпен орындағанына куәміз, – деді газеттің Бас редакторы Исатай Құндызбайұлы.

Бұдан әрі салтанатты шара марапаттау кезеңіне ұласып, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның директорының міндетін атқарушы Әлия Инебаева мен үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназияның басшысы Гүлфия Есқайырова, қосымшаны дайындауда редакциямен тығыз жұмыс жасаған педагогтар Жұлдыз Асқарова (№30 мектеп-гимназия) мен оқу ісінің меңгерушісі Эльмира Исмұханова (техникалық гимназия) Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, логикалық тапсырмаларды газетке жариялауға ұсынуға қосқан зор үлесі үшін бастауыш сыныптардың білікті мұғалімдері де осындай марапатқа ие болды. Газеттегі тапсырмаларды белсенді орындап, оның ішінде жүзден жүйрік шыққан оқушылар анықталып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

a

Ғасырға жуық тарихы бар облыстың айнасына айналған, ақпараттың жаңа тұстарын халыққа танытып, жаңашыл көзқарас беріп, өркендетіп келе жатқан «Аtyraӳ» газеті туралы мектеп басшылары да сөз сөйледі. Әлия Инебаева аз ғана уақыттың ішінде жасалған жұмыстың бастауыш сынып оқушылары үшін үлкен серпін бергенін айтып, өзі басқаратын ұжымының «Аtyraӳ»-мен бірге екендіктерін жеткізді.

«Аталған қосымша жарық көргелі оқушылар мектептен алған білімдерінен бөлек, қосымша шығармашылық жұмыстарын шыңдай білді. Бұл жобаның жұмысы әрбір оқушыны жаңа қырынан тануға да үлкен мүмкіндік берді. Мектепте газетке жазылу үрдісі де жоғары деңгейде. Білім ордасында 150 мұғалім қызмет етсе, оның 80 пайыздан астамы газеттің тұрақты оқырмандары ретінде бір жылға жазылған. Алдағы уақытта да сүйікті газетімізбен бірге боламыз деген сенімдемін» деген №30 мектеп-гимназияның директоры Гүлфия Есқайырова рухани қазынамызды насихаттап, жас жеткіншектерді газет оқуға баулуға қосқан зор үлесі үшін мектеп әкімшілігі атынан облыстық газеттің Бас редакторы Исатай Балмағамбетовке Алғыс хат табыс етті.

a

Сондай-ақ, акция барысында ата-аналар да өз пікірлерін білдірді.

«Мен бұған дейін газетті асыға күтіп оқитын едім. Бастауыш сынып оқушылары үшін газет ішіндегі газет қосымшасы жария болған уақыттан бастап үйдегі балалар да басылымның оқырмандары болды. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның 4 «б» сынып оқушысы, немерем Назерке Жұмабектің «Bilim like» жеңімпазы ретінде танылғанына қуанышым шексіз. Біз отбасымыздың сүйікті газеті ретінде алдағы уақытта да «Аtyraӳ»-мен бірге боламыз!» дейді ата-ана Ертуған Бұданова.

Салтанатты шара барысында екі білім ошағының дарынды шәкірттері өз өнерлерін ортаға салды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

a

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner