ads_banner

Атырау аумағы 7,145 гектерға ұлғаяды

Алмалы және Береке ауылдық округтерінің қосылуы нәтижесінде облыс орталығының аумағы 7,145 гектарға ұлғаяды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Наурызбек Құмаровтың айтуынша, қазіргі кезде жоғарыда аталған екі ауылдық округте 8 мыңға жуық адам тұрады.

- Бұған дейін Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 44 қаулысымен Геолог ауылдық округін қалаға қосу туралы қаулы шыққан болатын. Махамбет ауданына қарасты елді мекендердің облыс орталығына қосылуына байланысты қала аумағы 45 871 гектарды құрайды , - деді Наурызбек Құмаров.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner